"Әкем мені өзінің ойнасы қылды" деген блогер масқара нәрселерді жайып салды

"Әкем мені өзінің ойнасы қылды" деген блогер масқара нәрселерді жайып салды

Кішкентай күнінде өз әкесінің тарапынан зорлыққа ұшыраған блогер Элеонора Берг өзінің кезекті сұхбатында әкесінің қандай зұлымдықтар жасағанын тізіп айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Элеонора Берг Бота Абдрамановаға берген сұқбатында балалық шағында туған әкесінен тұрақты түрде жыныстық әрі психологиялық қорлық көргенін мәлімдеді. Блогердің айтуынша, отбасындағы бұл сұмдық жағдай жылдар бойы жасырын қалып келген.

Элеонора әкесінің мас күйінде де, сау кезінде де азғындық әрекеттерге барғанын және оның санасында тек қорқынышты естеліктер ғана сақталғанын жеткізді. Ол өзіне жасалған зомбылыққа әкесінің өгей қызы да куә болғанын атап өтті.

«Ол өзінің арам ойын жүзеге асыру үшін түрлі қорлық тәсілдерін қолданатын. Тіпті әкеме қатысты тек сондай жағымсыз сәттер ғана есімде калыпты. Ал жылы естеліктер өте аз. Ол бұрын вахтада, ал қазір таксиде жұмыс істейді. Маған қандай күйде болсын зорлық көрсетуден тайынбайтын», — дейді ол.

Сонымен қатар Элеонора бұл жайтты анасына неліктен бұрын айта алмағанын түсіндірді. Әкесі оны үнемі қорқытып, бұл құпия ашылған жағдайда бүкіл отбасын — анасын, інісін және әжесін үйімен бірге өртеп жіберетінін айтып, бопсалаған. Сондай-ақ блогер сол кезде өгей әпкесінің де өзіне дұрыс емес мазмұндағы бейнематериалдарды көрсетіп, теріс ықпал еткенін қоса айтты.

«Біздің ойнаған «ойындарымызға» оралатын болсақ, олар мынадай сипатта еді: ол аузыма желім, қарындаш, қалам немесе басқа да заттарды тығатын. Кейін өзінің жыныс мүшесін салып, мен оған ми...т жасайтын едім. Қандай күйде, қалай отырғаным әлі де көз алдымда. Жалпы әкеме қатысты сол бір интимдік сәттердің бәрі егжей-тегжейлі есімде қалған. Әкем туралы басқа жылы естеліктер өте аз: маған әткеншек жасап бергені және онымен бірге Ресейге көлікпен барғанымыз ғана есімде. Бар-жоғы осы. Ол вахтада жұмыс істеді, білетінім сол ғана. Ал қазір таксиде істейді. Ол сау кезде де, ішіп алғанда да зорлық-зомбылық көрсететін. Ондай нәрсені кез келген күйде жасай беретін», — деді Элеонора Берг.

 

Барлық жаңалықтар