Әкесінен қалған 25 млн теңгені әжесі жұмсап жіберген: ақша балаларға қайтарылды

Әкесінен қалған 25 млн теңгені әжесі жұмсап жіберген: ақша балаларға қайтарылды

Ақтөбеде өндірісте қаза болған үш баланың әкесіне байланысты төленген 25 млн теңге өтемақыны олардың әжесі алып, жеке қажетіне жұмсаған. Прокуратура сотқа жүгініп, ақшаны мүгедектігі бар ана мен үш кәмелетке толмаған баланың пайдасына қайтарды, деп жазады Democrat.kz.

Оқиғаның тарихы 2021 жылдан басталады. Үш баланың әкесі өндірістік жарақат салдарынан қайтыс болған.

Жұмыс беруші отбасыға келтірілген зиянның өтемақысы ретінде 25 млн теңге төлеген.

Алайда прокуратураның мәліметінше, қаражатты балалардың әжесі алған және ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне пайдаланған.

Нәтижесінде мүгедектігі бар ана мен үш кәмелетке толмаған бала өздеріне тиесілі өтемақысыз қалған.

Ақтөбе прокуратурасы отбасының мүліктік құқығын қорғау үшін сотқа талап арыз берді.

Сот прокурордың талабын қанағаттандырып, әжеден 25 млн теңгені өндіріп алу туралы шешім шығарды. Ақша ана мен балаларға қайтарылған. 

Барлық жаңалықтар