Әкімдіктер пәтерлерді тексере бастайды: не білу керек?

Әкімдіктер пәтерлерді тексере бастайды: не білу керек?

2026 жылдың 12 шілдесінен бастап Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді мемлекеттік субсидиялау жүйесіне жаңа бақылау тетігі енгізіледі. Енді әкімдіктер мен Отбасы банкінің мобильді топтары мемлекеттік қолдау алатын азаматтардың жалдап жүрген баспанасында шынымен тұратынын тексеруге кіріседі деп жазады Democrat.kz 

Бұл өзгеріс көптеген азаматтың көкейінде «Барлық жалдамалы пәтерлер тексеріле ме?», «Тексерушілер үйге еркін кіре ала ма?» деген сұрақтар туғызды. Шын мәнінде, жаңа тәртіптің мақсаты – қарапайым жалға алушыларды бақылау емес, мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

Тексеру кімдерге қатысты?

Жаңа мониторинг тек мемлекеттен жалдау ақысының 50 пайызын субсидия ретінде алатын азаматтарға қолданылады.

Олардың қатарында:

  • көпбалалы отбасылар;
  • жетім балалар;
  • І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
  • ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар.

Бұл азаматтарға мемлекет жалдау ақысының бір бөлігін өтейді. Сондықтан олардың субсидияны заң талаптарына сәйкес пайдаланып отырғаны тексеріледі.

Барлық жаңалықтар