Павлодар облысында алимент бойынша қарызы бар 279 адамның букмекерлік шоттарына жалпы 600 млн теңгеден астам ақша салғаны анықталды. Олардың арасында алиментті әдейі төлемей жүрген 97 борышкер бар, деп жазады Democrat.kz.
Прокуратура алимент өндіруге қатысты атқарушылық істерді тексерген.
Нәтижесінде жүздеген борышкердің бір мезгілде букмекерлік компаниялардың қызметін пайдаланғаны белгілі болды.
Олар ойын шоттарына жалпы 600 млн теңгеден астам қаражат енгізіп, кейін 415 млн теңгені қайта шығарған.
97 азамат алиментті ұзақ уақыт бойы төлемегендер санатына жатқызылған.
Прокуратураның мәліметінше, жекелеген борышкерлер балаларын асырауға ақша жоқ екенін көрсеткенімен, букмекерлік шоттар арқылы айтарлықтай қаражат айналдырған.
Анықталған мәліметтер алиментті мәжбүрлеп өндіріп алу кезінде ескерілмек.