Алматы онкологиялық орталығында химиотерапияға арналған препараттарды дайындайтын роботтандырылған дәріхана кешені іске қосылды. Жүйе дәрінің нақты дозасын сақтап, адами қателік қаупін азайтуға мүмкіндік береді, деп жазады Democrat.kz.
Алматы онкологиялық орталығы цитостатикалық препараттарды дайындауға арналған роботтандырылған жүйені енгізді.
Мұндай дәрілердің дозасын өте дәл есептеу қажет болғандықтан, автоматтандыру медициналық қателік қаупін төмендетуге бағытталған.
Робот препараттарды сақтау, қажетті дозаны өлшеу және дайындау процестерінің бір бөлігін автоматты түрде атқарады.
Денсаулық сақтау саласының мәліметінше, Алматыда онкологиялық есепте 38 мыңнан астам пациент тұр.
Жыл сайын орталықта 27 мыңнан астам адам медициналық көмек алады.
Соңғы сегіз жылда орталық көрсететін емдеу қызметтерінің көлемі 2,5 есе артқан. Бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 46 пайыздан 75 пайызға дейін өскені хабарланды