Алматының жалдамалы пәтерінен табылған хат жұртты жылатты

Алматының жалдамалы пәтерінен табылған хат жұртты жылатты

Әлеуметтік желіде алматылық пәтерге жайғасып, ішіне тазалық жұмысын жүргізген адамның тауып алған хаты қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Әдеттегідей жалға алған пәтеріне тазалық жұмысын жасаған кісі үйдің бір бұрышынан "мама, мені ұрмашы, мен сені жанымдай жақсы көремін" деген бір хат тауып алған. 

Әлгі хатты оқып, жүрегі ауырған пәтер жалдаушы келесі бір бұрыштан "мама, сен мені ұрған сайын, қатты ауырады. Өтінемін, мені ұрмашы. Сенің қалағаныңдай жақсы бала болуға тырысып жатырмын ғой. Тек мені ұрмашы, қатты ауырады" деп жазылған. 

Кішкентай баланың жан айқайына толы бұл хат желі қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. 

Бір тарап "баланы ұрып, ұрсып тәрбиелемесе, бетімен кетеді" десе, бір тарап "балалардың жүрегін санасыз үлкендер осылай жаралайды" деген пікір білдіруде. 

Барлық жаңалықтар