Танымал журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желідегі парақшасында "Атырауда жоғалған отбасы" оқиғасының келесі бір күдіктісі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Журналист өзінің парақшасында: "Оқырмандардан «Ақбаянды туыстары көрді ме екен? Ол туралы не айтады?» деген жазбалар көп келеді. Жоқ, туыстары онымен жүздесе алмаған.
Тергеу істеріне қатысты құзырлы органдар рұқсат бермеген. Сонымен қатар қаралы отбасының туыстары Ақбаянның балалар үйіндегі ұл-қыздарын да іздеп барған. Бірақ заңдылықтарға сай көрісуге мүмкіндік болмапты.
Қазір Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласындағы жүйке ауруларын ғылыми зерттеу орталығында.
«Неге айтылмай кетті?» деп сұрай беретіндер де бар. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Ендігі ақпараттар сот процесінде айтылады", деп жазды журналист.