Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа баспанасын көрсетіп, оқырмандарын таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.
Гүлзира Айдарбекова жаңа таунхаусының құрылыс жұмысы бітіп жатқанын айтып: "Біздің таунхаусымыз бітуге жақын қалды. Қазір тереза таңдап жатырмыз.
Қонақ бөлме мен ас бөлмесінің ортасына әйнекті есік жасап, барлық қауіпсіздік шараларын да қарастырдық.
Үйіміз тауға қарап тұр. Таертең оянғанда, бірінші тау көрінеді", деп "ақылды" үйіндегі ерекше дүниелерін көрсетті.
Оқырмандары Гүлзира ханымның таунхаусына тамсанып, "бізге де жұғысты болсын", "құтты болсын" деп пікір жазуда.