Қоғам белсендісі, танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы білім саласындағы сәтсіз жобаларға қатысты өткір пікір білдіріп, сондай жобаларды жасайтындарды "идиоттар" деп атады деп жазады Democrat.kz.
"Физика, химия, биология, математика пәндерін біріктіріп "Жаратылыстану" пәні деп оқыту туралы ойды кім айтса да - идиот.
Мектептен қашып-пысып жүріп, бір рет те сабаққа дұрыс қатыспай, пту-ға кеткен біреу шығар... әйтпесе бұл төртеуі төрт түрлі сала, төрт түрлі пән екенін кез-келген дорақ "двоишник" білер еді...
Сол мәңгүртті, сол идеяны қолдаған адамдарды білім саласынан мүлде аластау керек!.. Бастары қаға ма өздерінің?!... Соны талқылауға кеткен қайран уақыт, қайран нерв... Былығы шыққан, 30 жылда әбден бүлінген оқу бағдарламасын бір дұрыс бағытқа құра ма десек, одан ары былықтырып бітті... Үштілділік деп бір былықтырды. Барлық пәндер ағылшынша өтеді деп екі былықтырды. Тарих пен географияны қосып үш былықтырды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін қосып төрт былықтырды. Дблар өңкей!..
Халықты сауатсыздандыруды, былықтыруды көздейтіндердің көзін құртыңдар бұл саладан... өңкей идиоттар жас ұрпақты да нақұрыс қып бітірді әбден...
Ол үш пән түгіл, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін біріктіруге болмайды, екеуі екі бөлек нәрсе. Бірі - грамматиканы оқытатын ҚАЗАҚ ТІЛІ пәні.
Бұл пәнді Әліппеден бастап, 11 жыл бойы мектепте дұрыстап оқыған кез-келген баланың грамматикалық сауаты жоғары деңгейде болады... жұрттың көбі сол сабақты дұрыс оқымай, дұрыс оқытпай, аты-жөнін дұрыс жаза алмай сорлап жүрген жоқ па?!..Ал екіншісі - қанша оқысаң да сарқылмайтын, түбіне жетіп тауыса алмайтын түпсіз терең шығармашылық - ӘДЕБИЕТ!
Баланы тәрбиелейтін де сол... балаға әдебиетті мәжбүрлеп оқытсаң да - оқыту керек! "Ел болам десең - бесігіңді түзе" дегенді жиі айтамыз. Бесікті қалай түзейміз? Балаға кітап оқыту арқылы.
Сондықтан Қазақ тілі мен Қазақ әдебиеті пәндерін де екі бөлек оқытып үйрету керек!!!..
Ообшым білім саласында жаңалық ашпай-ақ, өзгеріс деп өзеуремей-ақ, ешқандай өзгеріс енгізбей-ақ кеңес кезіндегі бағдарламамен, оқулықтармен оқыта беріңдерші-а!!!...((( "ғырт гүйдіргі ғырғүйрегтер" өңшең"деп
жазды Сәуле Әбілдаханқызы.