Әлеуметтік желілерде кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жары Жанна Жанықұловаға қатысты талқылаулар әлі де толастар емес. Көпшілікті әсіресе ажырасу кезінде қандай мүлік пен қаржы бөлінгені қызықтырып отыр деп жазады Democrat.kz.
Ресми құжаттар жарияланбағанымен, бұл мәселеге байланысты қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова өз парақшасында қызықты мәлімет жариялады.
Оның айтуынша, үш жыл бұрын жасалған неке шартын бұзу туралы келісім аясында Жанна Маратқызына қомақты активтер берілген.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, оған Алматыдағы нарықтық құны шамамен 3 миллиард теңге болатын элиталық жылжымайтын мүлік, 3 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол қаражат, ай сайын 5 миллион теңге көлемінде тұрақты төлем, сондай-ақ балалардың шетелде білім алуына арналған 1 миллиард теңге қарастырылған.
Бұдан бөлек, жазбада неке келісіміне сәйкес Жанна Жанықұлованың ортақ бизнеске байланысты банктер мен өзге де кредиторлар алдындағы көп миллиардтық қаржылық міндеттемелерден толық босатылғаны айтылған.
Егер бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келсе, келісімнің жалпы құны 6 миллиард теңгеден асуы мүмкін. Осы ақпарат әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызып, жұртшылық арасында «Бұл кәдімгі ажырасу келісімі ме, әлде алдын ала мұқият жоспарланған ірі қаржылық мәміле ме?» деген сауалдың талқылануына себеп болды.