Танымал тележүргізуші, блогер Динара Сәтжанның күйеуі, белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі Жанна Жанықұлова әлеуметтік желіде отбасылық мәселелерін айтып, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat. kz.
Жанна Жанықұлова кәсіпкермен заңды некеде 20 жыл отасып, бес баланы дүниеге әкелгенін айтып, некелері опасыздық,көзге шөп салу салдарынан болғанын айтады.
Сондай-ақ, ол өмірлерінде Динара Сәтжан пайда болғаннан кейін дүние-мүлікке талас басталып, ерлі-зайыптылардың ресми түрде ажырасқанын ашық айтты.
«Мен Жанықұлова Жанна Маратқызымын, бес баланың анасымын. Балаларымның барлығы Жұмабек Жанықұлмен заңды некеде тұрған кезде дүниеге келді. Біз 20 жыл бірге өмір сүрдік. Алайда ажырасуымызға оның бірнеше рет көзге шөп салуы мен тоқалдарының болуы себеп болды. Қазір осы мәселеге байланысты сот процесі жүріп жатыр. Некеде тұрған жылдары неке келісімшарты да, мүлікті бөлуге қатысты әңгіме де болған емес. Бұл мәселелердің барлығы оның өмірінде жаңа әйелі пайда болғаннан кейін ғана көтерілді», – деп мәлімдеді Жанна Жанықұлова.