Нұралы уағызшы: "Қияметтің кіші белгісін тек қазақтар жасап тастағандай"

Нұралы уағызшы: "Қияметтің кіші белгісін тек қазақтар жасап тастағандай"

Танымал имам Нұралы Бақытұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Тараздағы бір сорақы жағдайдың видеосын көрсетіп, қазақтарға қатысты жаман айтып тастады деп жазады Democrat.kz.

Уағызшы Нұралы Тараз қаласының бір ықшам ауданында төгіліп жатқан ас қалдықтарының видеосын жариялап: "Мынау не масқара?! Қараңыздаршы! 

Алла сақтасын! Алла шүкіршілік етсең, артырып беремін, күпірлік етсең, азабым қатты дейді.

Пайғамбарымыз да нанды қадірле деген емес пе?! Қияметтің кіші белгілері деген болады. Бізден шүкіршілік кетті, Алланың азабын күтіп жүргендейміз. 

Қияметтің кіші белгілерінің барлығын қазақстандықтар емес, тек қазақтар ғана жасап тастаған сияқты. Қазір сүттің сүтінен басқаның бәрі бар, бірақ разы болып жүргендер жоқ", деп осы шүкірсіздік ұрпағымызға зиян тигізуі мүмкін деп түйіндеді. 

Барлық жаңалықтар