Олжас Бектенов ведомстволарға тапсырма берді

Олжас Бектенов ведомстволарға тапсырма берді

ШОБ саласында ЖИ енгізуді ынталандыру және IT мамандар даярлауды күшейту қажет. Олжас Бектенов ведомстволарға тапсырма берді 📌деп хабарлайды Democrat.kz.

 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ШОБ саласының ЖИ технологияларына қолжетімділігін кеңейту, осы бағытта жаңа мамандар даярлаумен қатар, еңбек етіп жүрген кадрларды қайта даярлауды күшейту қажеттігін атап өтті.

 «Кәсіпорындардың көпшілігіне, әсіресе шағын және орта бизнес үшін жасанды интеллект күрделі әрі қол жеткізе алмайтын құрал болып отыр. Мұның негізгі себептері – құзыреттердің, ресурстар мен нақты іске асыру тетіктерінің жетіспеушілігі. Сондықтан Жасанды интеллект министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шағын және орта бизнес саласында жасанды интеллектіні енгізуді ынталандыру тәсілдерін әзірлеуі қажет. Ғылым және жоғары білім министрлігі осы бағытта жаңа мамандарды даярлаумен қатар, әртүрлі салада еңбек етіп жүрген кадрларды қайта даярлап, аталған мәселеге баса мән беруге тиіс», — деді Олжас Бектенов.

Дереккөз: Үкімет.

Барлық жаңалықтар