Пәтерді енді кез келген нотариуста сата алмайсыз

Пәтерді енді кез келген нотариуста сата алмайсыз

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты маңызды ереже күшіне енді. 8 қыркүйектен бастап пәтерді сату, сыйға беру немесе кепілге қою жөніндегі мәмілені тек мүлік орналасқан жердегі нотариус рәсімдей алады, деп жазады Democrat.kz.

Бұған дейін Қазақстан азаматы жылжымайтын мүлік мәмілесін елдің басқа қаласындағы немесе өңіріндегі нотариуста рәсімдей алатын.

Енді бұл мүмкіндік шектелді.

«Нотариат туралы» заңның жаңартылған нормасына сәйкес, мемлекеттік тіркеуді қажет ететін жылжымайтын мүлікті сату, айырбастау, сыйға беру немесе кепілге қою туралы шарт сол нысан орналасқан аумақтағы нотариуста куәландырылуы тиіс.

Мысалы, Алматыдағы пәтерді сату туралы келісімді Астанадағы нотариуста рәсімдеу енді мүмкін болмайды.

Әділет министрлігі өзгеріс мәмілелерді рәсімдеу жүйесін реттеуге және мүлікке байланысты ақпаратты тексеруді жеңілдетуге бағытталғанын түсіндірді.

Жаңа талап тек жылжымайтын мүлікке қатысты. Басқа нотариалдық қызметтер бойынша аумақтық шектеу автоматты түрде енгізілмейді. 

Барлық жаңалықтар