Түркістандағы шырақшыларға тапсырма берілді

Түркістандағы шырақшыларға тапсырма берілді
Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Киелі орындарында көрсетілетін діни рәсімдер» және «Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі» тақырыбында семинар-тренинг өтті,– деп хабарлайды Dalanews.kz
​
Зиярат орындарында қызмет көрсететін шырақшылардың қызмет сапасы мен біліктілігін арттыру мақсатында өткен жиында шырақшыларға қойылатын талаптар күшейтілетіні талқыланып, киелі орындардың айналасын таза ұстап, зияратшыларға қолайлы жағдай жасау керектігі айтылды.
Іс-шараға облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мен басқарма қызметкерлері, мәдениет және туризм басқармаларының орынбасары мен бөлім басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ҚМДБ-ның өкілдері, Түркістан облысы аумағындағы зиярат орындарында қызмет ететін шырақшылар, «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің вице-ректоры, БАҚ өкілдері қатысты.
Барлық жаңалықтар