Президент биылғы жолдауда не айтады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомартт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады. Президент жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
Фото интернеттен алынды.