Имамдардың абыройы неге түсіп кетті?

0
799

Әлеуметтік желіде қысқаша видеосы жарияланған подкастта қазіргі имам-молдалар қандай екені туралы сөз қозғалыпты деп жазады Democrat.kz.

Daurenbek Shamidinov атты ТикТок желісін қолданушы таратқан видеода «Неге имамдардың абыройы жоқ?» деген сауалған арнайы мамандар жауап берген.

«Дін саласына қандай балалар келді?» деген сұраққа спикер «Бұзақы, тентек, ешкімді тыңдамайтын немесе өзін ешкімге тыңдата алмаған, мектепті әрең бітірген балаларды медресе, мешітке (ата-аналары — ред.) жіберген. Мектепте «2», «3» деген бағамен оқыған балаларды мешіттерге әкеп берді.

Ал үздік бағаға оқитын, қабілетті балалар қайда оқиды? Әрине, ондай бала экономика, құқық т.б сынды оқуларға кетеді. Ал үш жылдық медресені бітірген әлгіндей бала үшінші сыныпты бітірген баламен бірдей.

Ал сондай, үшінші сынып оқушысының деңгейінде білімі бар баланы мінберге шығарып қойып, оның ақылын жұрт тыңдап отырады. Қазіргі кезде қоғамдағы имамдардың өкінішке қарай көпшілігінің білім деңгейі мен қабілеті төмен болғандықтан, осындай жағдайға жетіп отырмыз»,- дейді Еркінбек Шоқай қазіргі имамдардың абыройсыздығына қатысты өз пікірінде.

Фото интернеттен алынды. 

@shamidinoff

Неге имамдардың абыройы жоқ? © Еркінбек Шоқай #имам #дін #медресе

♬ оригинальный звук — Daurenbek Shamidinov