«Руымнан ұяламын» дейді блогер (ВИДЕО)

0
153

ТикТок әлеуметтік желісінде Қаракөз Алмасбек қоғамдағы руға байланысты пікірін айтты деп жазады Democrat.kz.

Блогер қыздың сөзінше, Қоңырат руынан болғаны үшін былайғы жұрт  өзіне басқаша қарайтын көрінеді. «Қоңырат руынан екенімді естісе, жұртқа бірден алаяқ, қу, тым пысық деген сияқты ойлар келеді. Жалпы, біздің қоғамда Қоңырат, Найман руына қатысты стереотип бар. «Қоңыратпын» десең, жұрт жақтырмайды», — деген Қаракөз тарихты тарқата отырып, Шыңғысханның әйелі Бөртенің Қоңырат руынан болғанын, бұрын дәл сол Қоңырат руынан қыз алудың өзіндік мәртебесі болғанын айтты. Сөз соңында қазақ руға бөлінбейтін, алайда рудан құралған халық деп пікірін түйіндеді.

Фото видеодан скринделіп алынды.