Келін құбылаға қарап сәлем беруі керек пе?

0
367

Otpannews.kz. арнасында ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген Оңайхан Төлеубайқызы келіннің сәлем салуына байланысты айтты деп жазады Democrat.kz.

Мұнайлы ауданының тұрғыны Оңайхан Төлеубайқызы: «Беташарда келін «ана жаққа қарап тұруы керек», «мына жаққа қарап тұруы керек» деген сөздер жиі айтылады. Негізінен киіз үйдің есігі құбылаға қаратылып жасалады. Сонда келген келін босағадан оң аяғымен аттап, жерде төселген терінің үстінде тұрады, ал бет ашатын адам ортада отырады. Біздің дәстүр бойынша келін құбыла жақтан келіп, төрге қарап сәлем салады», — дейді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.