«Маңқа қазақ» пен «Кенесарының басын алғандар» дауы тоқтамай тұр

0
620

Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды. Алайда бұл ойын нәтижесімен келіспеген қырғыз халқы кешелі бері бүкіл әлеуметік желіні шулатып жатыр деп жазады Democrat.kz.

Алғашқы таймда 3:1 есебімен Қырғызстан құрамасы көш бастайды. Алайда күтпеген жерден кейін жанжал басталып кетеді. Көкпаршылар бірін-бірі қуып жүріп, қамшымен ұруға дейін барады. Амалсыз төбелеске полиция араласып, әрең ажыратып алды.

Әрі қарай жалғасқан ойынның соңғы сәтінде 10 минутты ұтымды пайдаланған қазақ көкпаршылары есепті 5:4 етіп аяқтаған болатын.

Алайда, бүкіл әлеуметтік желілерде қырғыз жанкүйерлері жаппай нарзылық танытып, жарыс нәтижесімен келіспейтіндерін жазуда. Қазақ жанкүйерлері де үнсіз қалмай, пікірталас тіпті ушығып барады.

“2026 жылы Қырғызстанға дәл осы көкпаршыларды жіберіңдер!”, «маңқа қазақтар!» “бір туған дегендері өтірік”, “намыстарың қайда, қазақтар?”, “әділдік жоқ қазақтарда”, «Жеңіс емес, масқара болдыңдар. Жеңісті спортшылар емес, төрешілер алып берді», «Қазақтарда намыс жоқ екен, масқара», «Төреші мүлде қарамады, масқара. Бұл жеңіс емес», «Бұдан былай көкпар ойнамаңдар, масқара»  деп басталған пікірталастың соңы саясиланып, тіпті ескі тарихи оқиғаларды қопсытып, қопаруға дейін апаруда.

Көкпарға байланысты “әділетсіздік болды, қырғыз ағайыннан кешірім сұраймын” деген сыңайдағы кейбір қазақтардың жазбасы тіпті талас-тартыс, дау-дамайға апаруда.

“Мақтабас, жағымпазданба қырғыздарға!”, “қырғыздар — жылауық!”, “жеңілгенін мойындамайды”, “бұлар бізге бауыр емес”, “атам заманда да қазақты талай рет сатқан бұлар”, “Кенесарының басын алған қырғыздар” деген Қазақстан тарапының пікірлері де қарша борауда.

Фото интернеттен алынды.