Тағы да оқушылар тамақтан уланды

0
253

Тағы да мектеп оқушылары тамақтан уланып қалды. Оқиға кеше 12 қыркүйек күні болған. Сағат 18:34 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысының іші ауырып, аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

— Қабылдау бөлімінде балаларға оральды регидратация және инфузионды терапия жасалды. Сағат 21:43–тегі жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы бірқалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды, — деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.