Мұғалім оқушысын зорлап, анасымен бірге өлтірген

0
7647

Әлеуметтік желіде Сарыағаш қаласы Келес ауданы Амангелді ауылында жантүршігерлік өлім болғаны туралы ақпарат тарады.

Түркістан облысы білім басқармасыеың баспасөз қызметі оқиғаны ішінара растады. Яғни, басқарманың баспасөз қызметі қаза тапқан екі адам қызы мен анасы екені шын деп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде Келес ауданы Амангелді ауылында болған қорқынышты оқиға туралы ақпарат тарады. Хат иесінің айтуынша, бұрынғы мұғалім 16 жастағы оқушы қызды зорлап, оны анасымен бірге өлтіріп кеткен.

«30 жастағы күдікті мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сол кезде 16 жастағы оқушы қызға көз салып, қырындап жүрген. 16 жастағы қыз мектеп директорына кіріп, оқиғаны айтқан сияқты. Мектеп директоры 30 жастағы мұғалімді жұмыстан шығарған. Өшін алу үшін ол түнде үйлеріне кіріп, қызды зорлап анасымен бірге өлітіріп кеткен. Бүгін бір үйден екі бірдей жаназа шықты. Анасын кірпішпен ұрып өлтіріп, талдырған. Қызды бөлмеге апарып, есікті бекітіп алып, бетінен, кеудесінен түк қалдырмай, тістеген. Түк болмағандай шығып бара жатқанда, көршісі дауысын естіп, жүгіріп келіп, есікті ашса, қашып кетпек болыпты.  Келес өзеніне суға түсіп алып, көшенің басында қарбыз сататындардың төсегіне жатып алыпты. Анасының басынан кірпішпен ұрып, «мені жұмыстан шығартқан сенсің» деген екен. Енді өзін жындыға салып, құтылып кеткісі келіп жатыр. Ауыл қатты ашулы, отбасылы әйел төртінші баласын босанғалы жүрген», — деп жазған хат авторы.

Біз мәселені анықтау үшін Түркістан облысының полиция департаменті мен білім басқармасының баспасөз қызметіне хабарластық. Әзірге білім басқармасы жауап берді. Ал, полиция таңертеңнен бері ресми ақпарат дайындап жатқанын айтты.

«Келес ауданында болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу амалдарынына байланысты өзге ақпараттар жария етуге жатпайды. Ресми жауапты құзырлы органдар береді. Білім басқармасы тарапынан “Күдікті” деп танылған азаматтың білім саласында қызмет етпейтінін мәлімдейміз», — деп хабарлады білім басқармасы.