Сабақ оқымағаны үшін қызын пышақтап тастаған

0
166

СҚО-да анасы өз қызын пышақтаған оқиғаның жай-жапсары белгілі болды. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылды.

Бұған дейін 11 жастағы қыз бала ауыр халде облыстық ауруханаға жөнелтілгенін және бұл хабарды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлаған еді.

Телеарна хабарына қарағанда, әйел қызының сабақ оқымағаны үшін ашуланған. Қыз бала пышақ жарақатын алып, дереу Өндіріс ауылына дәрігерлер бригадасы жөнелтілген.

Ал шұғыл отадан кейін Петропавл қаласына, 500 километрге жеткізілгені белгілі болды. СҚО көпсалалы облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Александр Гассман науқасты тасымалдау сәтті өткенін хабарлады.

«Бізге облыстық балалар бөліміне, реанимация бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта бала өзін жақсы сезінеді, жағдайы әлі де ауыр, бала есін біледі, оттегіге тәуелді емес. Өмірге қауіп жоқ, өйткені баланың жағдайы тұрақты», — деді ол.

Анасы қызына қанша жарақат салғаны хабарланбады. Бірақ қыз көп қан жоғалтқаны белгілі. Іс денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша тергеліп жатыр.

Бұл отбасында алты бала бар екен. Үйде атасы мен әжесі де тұрады. Анасы іс жүргізу барысында ата-анасының үйінде болатыны айтылады. Бес бала, оның үшеуі мектеп оқушылары және бір мектеп жасына дейінгі бала әкесімен бірге үйде қалған.

СҚО бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Сұрағанова отбасы туралы айтып берді.

«Бұл көп балалы отбасы, қарапайым отбасы, кәмелетке толмағандар да бар. Бүгін аудандағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия оқиға орнына барып, отбасымен әңгімелесті. Ауылдық жерлерде тұратын қарапайым көпбалалы отбасы, олар туралы теріс пікірлер болмаған. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия бұл отбасын есепке алды», — деді Сұрағанова.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.