Он автокөлік отқа оранған

0
27

Өткен тәулікте республика бойынша 10 автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиғалар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларында орын алған.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде 5 жеңіл автомобиль мен 5 жүк көлігінің жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін төмендегідей кеңес береді:

  • автокөлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
  • жарамды өрт сөндіргішті әрқашан көлік салонында ұстаңыз.