Азаматтардың құқығына пысқырмайтын судьяның қызметі өскен

0
300

Жәбірленушіні (ағасы өлген) 12 жылға соттаған Судья Саят ТӘШІМБАЕВ жайлы БАҚ беттерінде материал көп екен. Ақтөбедегі заңсыздықтары үшін, елордаға көтеріліп кеткен екен.

Мұндай нонсенс бізде ғана болатын шығар. Аталған судья қараған істерден бір-екі мысал келтірсек:

Бір сот процесінде сотталушы судьяның заңсыз әрекеттеріне протест ретінде сот залында тамырын кесіп, өлім аузынан қалған.

Науқастанып жатқан сотталушы Сақтағановқа СИЗО-ның дәрігерлері денсаулығы жарамсыз деген анықтама берсе де, Сақтағановтың сот отырысын денсаулығы түзелгенше кейінге қалдыру туралы талабына пысқырмай, сот отырысын сотталушының қатысуынсыз (!) өткізіп жіберген.

Өзіне қатысты жайттар зерттелетін болғандықтан, міндетті түрде өзі қатысам деген тараптың конституциялық құқығы осылайша өрескел бұзылған. Басқа емес, құқығын сот бұзып тұр.

Соған күйіп кеткен Сақтағанов жерде жатқан әйнекке бірдеңе ғып, қолын жеткізіп, өз тамырын шапшаңдықпен кесіп, әділетсіз сот алдында өмірмен қош айтысқысы келген. Әйтеуір шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілгенінің арқасында аман қалған ғой.
Сотталушының түңілуіне бұдан алдыңғы сот отырысында орын алған тағы бір әділетсіз оқиға себеп болған сияқты.
Осы іс бойынша куәден видеоқоңырау арқылы жауап алу барысында соттың телефонының қуаты бітіп қалады.

Процесс болатынын біледі ғой, тел.зарядтап қоюға болатын шығар? Қош, сонымен тел.өшіп қалған судья прокурордың телефонын алып, жауап алуды жалғастырады.

Беттестіру мақсатында қолындағы прокурор Салтанат Байжановаға тиесілі телефонды сотталушылар — Қалымбетов пен Сақтағановқа береді. Сол кезде екеуі прокурордың телефонына сот мәжілісінің хатшысынан түсіп жатқан смс хабарламаларды көріп, ашып оқиды.

Біреудің телефонындағы дүниелерді рұқсатсыз оқу — этикаға жат дерсіздер, алайда ол жерде іске қатысты бұрмалаушылық деректер айтылады. Яғни жеке өміріне қатысты жайт емес, өздеріне қатысты мәліметті көздері шалып, оқыған боп тұр ғой.

С/м хатшысы іске қатысушы прокурорға айыптау бөлігінің көп жерлерінде шикілік барын, нақтысы сотталушыларды кінәлі деп тануға дәлел жоқтығын жазып, бірқатар нұсқаулар берген. Әрине, хатшы судьясыз прокурорға нұсқау бере алмайды.

Судьяның айтқанын орындайды. Нұсқаулары — іс бойынша керек куәларды шақырмау керек. Әсіресе полицейлерге қатысты “көрсетілген мекен-жайда тұрмайды”, “таппадық”, деген сияқты желеулермен іске куә ретінде шақырғанмен, келтірмеуін қадағаласын” деген сыңайдағы сөздер.

Бұл деген адамдарды қолдан ұйымдастыру арқылы дәлелсіз соттау деген сөз емес пе?
Сол сот отырысында сотталушылар хатшы мен прокурор арасындағы переписканы дауыстап оқиды.

Оған пысқырған әрине сот жоқ. Сосын амалсыз облыстық прокуратураға, облыстық сотқа шағым жазады. Одан да нәтиже болмайды.

Соңында тамырын кесуге мәжбүр болған сотталушы “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” (доведение до самоубийства) бабымен судья Тәшімбаевтың үстінен арыз жазады.

Алайда судьяның үстінен іс әрине қозғалмайды, қылмыс құрамы жоқ деп табады да, “жоғарғы біліктілігі” үшін Астана сотына ауыстырады..

Судья Саят Тәшімбаевтың жүргізген бір ісі бойынша ғана мысал ғана келтірдік. Бәрін тізе берсек, жазба тым ұзақ боп кетеді. Төменде судьяның “аса біліктілігінің” салдарынан аудармашының өз қалтасынан 600 мыңға жуық ақша төлегені жайлы мақаланы салам.

Ләззат АХАТОВА, заңгер.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.