«Діннен шығып кете жаздадық» дейді Қайрат Әділгерей
Әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей бала кезіндегі бір оқиғаны айтып, діннен шығып кете жаздағанын еске алды деп жазады Democrat.kz
«Бала кезімізде, ұмытпасам, 6-7 сыныпта жүргенімізде, Еркебұлан досым екеуміз баптистердің арасына түсіп қалдық. Әдемі кітаптар беріп, ішінде жолбарыс пен адмның, аққу мен жыланның бірге жүргені суреті бар кітап еді. Үйіне шақырып, тамақ берді. Американ әйел «құдай деген ол йоқ» деп. Біз оның берген тәтті печеньесін жеп мәзбіз. Сол кезде жеген печеньеміз қазіргі «орео» екен ғой. Сол печенье үшін дінімізді ауыстырып жібер жаздадық қой»,- дейді Қайрат Әділгереев.
Фото интернеттен алынды.