Белгілі саясаткер Төлен Тоқтасынов дүниеден өтті

0
405

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Төлен Тоқтасынов 61 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Төлен Тоқтасынов көзі тірісінде  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі, «Экология» депутаттық тобының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының құрылтайшыларының бірі болды.

Қаралы хабарды белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила желі парақшасында жазды.

«Кеше түнде жан досым Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасын, ауыр дертпен жарты жыл арпалысып жеңе алмай, ақыры мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Бақұл бол Төке, сені жақсы танитын жақындарыңның, халқыңның жадысында арын жоғары ұстаған, жасампаз АЗАМАТ ретінде есінде мәңгілік қаласың!

Сүйегін туған қаласы Семейге апарып, анасының қасына қоямыз деп шештік…», — делінген жазбада.

Еске сала кетейік, Төлен Тоқтасынов пен бұрынғы досы Ғалымжан Жақиянов арасында мүлік дауы туындаған еді.