Билікте мұғалімдерді жек көретін көкелер отыр ма?

0
2824

Әлеуметтік желіде белсенді ұстаз Айман Сағидулла жаңа модуль тестерін “жариялады” деп жазады Democrat.kz.

Жаңа оқу жылы басталған күннен бері еліміздегі бүкіл мұғалімнің бас ауруына айналған түрлі қағазбастылық жұмыс пен қабаттаса келген модульдік тест сұрақтары да ұстаздарымызды титықтатып жібергені мәлім.

Оқушыға білім берудің орнына, қазір мұғалім біткен “Нысаналы мектеп” жобасы, модульдік тест, түрлі есеп беру құжаттары, тоқсандық баға қорыту, ҚмЖ-ны қағазға шығарып, оны қайта сканерлеп “Күнделікке” жүктеу сынды бітпейтін шаруамен шапқылап жүр.

Министр Ғани Бейсембаевқа “Ғани ағай, мұғалімдер баланы қашан оқытады? Мұғалімдер қашан өз жұмысымен айналысады?” деп сұрақ қойып, біз де шаршадық.

Өкінішке қарай, Оқу ағарту министрлігінің шаршайтын түрі байқалмайды. Күн сайын мұғалімнің мойнына артқан жүгі ауырлап барады.

Төменде белсенді ұстаз Айман Сағидулла “ойлап тапқан” модульдік тест сұрақ-жауаптарын бәлкім Оқу ағарту министрлігі мен жауапты мекеме басшылары назарға алып, мұғалімдерге жасалып жатқан қиянаттың қай деңгейде екенін түсінер, бір шара қолданар деген үмітпен қаз-қалпында назарларыңызға ұсынып отырмыз.

1. Ғани Бектайұлының  ең сүйікті ісі.

Жауап: Мұғалімдердің үстінен полицияға арыз беру.

2 .Мұғалімдерге күн сайын тест тапсыртқан министр.

Жауап:  Ғани Бейсембаев

3 . Тамара Дүйсенованың  хоббиі.

Жауап: Мұғалімдерге күн сайын  тест тапсырту.

4. Үкіметте кімдер отыр?

Жауап: Мұғалімдерді жек көретіндер.

5 .  Мақсатты мектеп жобасына қанша ақша бөлінді?

Жауап: Белгісіз.

6.Берік Уәли  кім?

Жауап:  Мұғалімдерді фейсбукте оқып отырса да, Президентке мұғалімдер туралы бір ауыз шындықты жеткізбейтін кеңесші.

7.Мұғалімдерді бұндай қиындықтан кім құтқарады?

Жауап:  Ешкім. Мұғалімге жаны ашитын бір шенді жоқ.

8.Тамара Дүйсенова не айтты?

Жауап: Тест тапсыра алмағандар жұмыстан кететінін айтты.

9.Тесті қаншалықты жиі тапсырады мұғалімдер?

Жауап: Саны белгісіз, күн сайын тапсырады. Арасында тест орталығына да барады.

10.Қандай тест тапсырып жүр мұғалімдер?

Жауап: Психологиялық, методикалық  қияли тестер. Пәнге қатысы жоқ тест көп. Бұйрықтардан сұрақтар  бар.

11. Әділдік бар ма өмірде?

Жауап: Жоқ.

12.Соңғы сөзге не айтасыз?

Жауап:

Тестке жауап берейін,

Онлайн оқып көрейін,

Ащы терді төгейін,

Мақсатты мектеп  жобасын,

Жамансың деп сөгейін.

Күніне тест болса да,  

Тамараның жобасын,

Мықты болса көрейін,

Айналайын ұстазым!

Басыңнан бағың таймасын!

Көзің күндей жайнасын!

Ұстазды қорлап ,ойнаған

Министр Ғани қайдасың?

Жауап бер бала ісіңе,

Сене берме күшіңе,

Министрлік жай мансап,

Бүгін бар да, ертең жоқ,

Кіреді әлі түсіңе.

Айналайын ұстазым!

Бақытың болсын басыңда,

Шәкірттің болсын қасыңда,

Сені қорлаған шенділер,

Жауап береді  асықпа.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.