Дәрібаевтар ансамблінің жетекшісі Ибрагим Дәрібаев қайтыс болды

0
565

Дәрібаевтар ансамблінің негізін қалаушы әрі әртісі Ибрагим Дәрібаев 65 жасында өмірден етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Бекжігіт Сердәлі есімді Facebook қолданушысы хабарлады.

«Қазақ эстрадасында «Жас жұбайлар», «Аман бол», «Оқ сияқты», «Нұрлы арман», «Айтшы жаным», «Сендей болмайды», «Сүйгеніме» сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым…», – деп жазды ол.

Фото дереккөзден алынды.