«Дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер» дейді Жанқош Тұраров

0
458

Қандай жағдайлар болып жатса да, ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер дейді Жанқош Тұраров.

Белгілі сазгердің қызы Әнару Құрманәліні зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраров өзіне қолдау көрсетіп жатқан халыққа деген алғысын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Спортшы қыркүйек айында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсетуі керек болған.

«Сіздердің баталарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында көз алдарыңызда өсіп-өніп келе жатырмын халқым. Қандай жағдайлар болып жатса да, ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер. Аққа — Құдай жақ! Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін! Әр сынақтың артында бір хайыр бар, ер жігіттің басына не келіп, не кетпес. Әлі талай жеңістерді бірге тойлауға жазсын», – деді боксшы.

Фото интернеттен алынды.