Имамды «Шерзат оқиғасы» қызықтырмайды екен
Әлеуметтік желіде белгілі дінтанушы Мұрат Телібеков мешітте болған жағдай туралы жазба қалдырды деп жазады Democrat.kz.
Алматыдағы орталық мешіттердің бірінде имаммен жолығып қалдым.
— Талғардағы оқиға туралы не ойлайсың? — деп сұрадым.
-Ол жақта не болып еді?- деп таңырқай сұрады имам.
Бұзақылар 16 жасар баланы өлтірді ғой.
-Иә, сондай бір хабарды құлағым шалды. Енді?
-Сенің ойыңды білгім келеді.
-Маған керегі не оның?- деп ызалана көз тастады имам. -Исламға түк қатысы жоқ дүние ғой. Ондай негативтерден өзімді аулақ ұстауға тырысамын. Көңіл-күйімді бұзғым келмейді. Онсыз да проблема жеткілікті,- деді имам.
Дінтанушы бұл жазбасына “Имамдар малдан бетер болғанда” деген тақырып қойыпты.
Расымен де, имамдарды қоғамдағы мұндай оқиғалар қызықтырмаса керек, ешбірі шығып, үн қатпады ғой.
Әлде төсек ләззаты, талақ, көп әйел алу, тозақ, виагра туралы тақырыптан басқасы имамдар үшін түк қызықсыз болғаны ма? Қалай ойлайсыз?
Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.
Фото автордың парақшасынан алынды.