Уағызшы Жарқын Мырзатай шектен шықты

0
3549

Әлеуметтік желіде жұртқа дөрекі, әдепсіз, шындыққа жанаспайтын уағыздарымен таныс Жарқын Мырзатайдың кезекті бір уағызы халықтың ашуын туғызды деп жазады Democrat.kz.

Бұл жолы Жарқын Мырзатай «сәбиді қырқынан шығаруға» қатысты  дәстүрдің балаға түк қатысы жоғын, 40 деген нәрсенің әйелге қатысты екенін айтып:»Қырқынан шықтың ба дегені, что там нормальный болдың ба дегені ғой негізі»- деп бұл нәрсенің еркек пен әйелдің жыныстық байланысына қатысты екенін айтып, ыржалаңдап күледі.

Желіде тараған осы бір қисынсыз, арсыз видеоға қатысты журналист Айгүл Болатханқызы парақшасында:

«Ұлттық дәстүрге қиянат жасап, аузына келгенді айтатындарды заң жүзінде жазалайтын кез келді! Білгенін істесін әр адам, бірақ қазақтың әдеп-иба, ырым-тыйымына, әдет-ғұрпына тиісіп айналасындағыларға теріс түсіндіретіндерге жаза болуға тиіс!

Мынау кім? Қайдан шыққан тексіз? Осыны тыңдап отырғанның ішінде санасы сау бір қазақ болмаған ба?

“Не оттап тұрсың? Шешең қалжа жеп күтінбеп пе еді? Сені қырық күн майлап-сыламап па еді? Қырық күнді қатыныңды қойныңа алып “артылуыңмен” түсіндерген тексіздігің кімге үлгі?” — деп айтатын бір қазақ болмағаны ма?

Мұның әулетіндегі әйелдер тек ұрғашылық міндетін өтеу үшін ғана жаралған болса, оны айтсын! Жерлесі кімдер? Кімнің руынан? Тексізін неге жөнге салмай бетімен жіберген? Дінді бетперде қылған мұндайларды Діни басқарма неге тайраңдатып отыр? Бір қора депутат неге ауыз ашпайды мұндайларға?» деп жазды.

Журналистің бұл жазбасына Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жақында мұндайларға тоқтау салатын заңның қабылданатыны туралы пікір қалдырды.

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

Видеоны төмендегі сілтемеге өтіп көре аласыздар.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0PYoMvuYrzoqZRX5G4eREy5Y17imvQYxxKyheKRLL7rPwJAcKLHCYmabDdpkfnMosl&id=100001131787363