Салт-дәстүрімізді мазақ еткендерге жаза жоқ па?

0
1114

Жалпы сәләфилер салт-дәстүрге шабуылдауын тоқтатпай тұр. Анау сауатсыз Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақарыс (бұрынғы Ленин Жолы) ауылының  дүмшесінің айтқанын тыңдадым. Жарқын ба еді аты?

«Баланы қырқынан шығару балаға түк қатысы жоқ. Ол баланы сылтауратып әйелге ыңғайлап алған әңгіме ғой, типа «Ей қалай, дайынсың ба, бәрі зың ба?» деген әңгіме ғой… деп шайнап отыр.

Мұндай топас молда көрсемші?!

Қазақтар бала қырқынан шықанынша оны адам қатарына қоспаған. Ол өтпелі кезеңде, өмір мен өлімнің арасындағы адам деп.

Ер баланы 39,қыз баланы 40-42 күннен соң суға күміс салып, тұз салып жуындырып, тырнағын шашын алып, т.б рәсімін жасап барып адам қатарына қосқан.

Ит көйлегін тастайтын күн.

Қазақтар медицинаны бұрыннан білген ғой.

Мына санасыз дүмшенің ойы екі бұттың арасынан аспай, сол баяғы әдепсіз тақырыптың айналасындағы әңгімені періп отыр.

«Бала мешітке баруы үшін ата анасының рұқсаты керек емес, олардан сұрануы керек емес» деп жүрген осындай радикалды дүмшелерге  уағыз айтуға тыйым салса екен.

Мақсұт ТАҢЖАРЫҚҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.