Бізге шетелдің қоқысын емес, қазақтың тәрбие-білімін беру керек!

0
1280

Нысаналы мектеп атына заты сай, нысаналы қоғамды қалыптастырады.

Бізге шетелдің қоқысы керек емес!

Бізге алаштықтарымыз жасаған методиканы қайта зерттеп, саралап, қолданысқа енгізу керек. Олар сол заманда ғылым мен өнеркәсіпті қазіргі Оңтүстік Корей мемлекеті сияқты дамытуды көздеген.

Соны ерте түсінген залымдар көздерін құртты ғой.

Кеңестік білімің де алып бара жатқан керім емес. Жемқорлыққа сол білімді мықтап сіңіргендердің арқасында мықтап баттық. Әлі отырмыз ішінде.

Қазіргі шетелдің методикасы білімді, бірақ сезімге жұрдай, әке-шешенің бетінен алатын, отырған жерін ойран қылып қоқытатын, «тек мен» деген, тәрбиеден жұрдай ұрпақ тәрбиелеп жатыр.

Бізге тек қана білімді емес, тәрбиелі, бойында сезімі бар ұрпақ керек.

Апта сайын әнұран орындап, бес асық шиырып, домбыра тарту білмейтінді де білетіндей қылтып, массовка жасаған тәрбиелеріңе сәлем айтыңдар!

Айнұр САБЫР, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.