Отанынан опа таппаған көршім елге қайтып келді

0
143
Менің бір танысым бар, ұлты орыс. Шығыс Қазақстанда туылған, кейін Алматыға көшіп келген. Осыдан он жылдан асып кетті дейді, үйлеріміз бен машинамызды сатып, отанымыз деп Ресейге көшіп бардық.
Барғаннан бізді ешкім жақтыра қоймады. Өзімнің қаным болса да мен олардан көңілім қалды. Бізге қазақ, казахи, казахстанцы, предатели деп тиісе бастады. Үлкені де, кішісі де үрке қарайды.
Жамандағаным емес, бірақ көбі ақ суға тойып алады екен, жастары болсын, үлкені болсын шегіп алады. Сосын тыныш жүргендерге тиісіп мазасын алады. Менталитет басқа екенін түсіндім.
Отбасымның да көзқарасы өзгере бастады.Ұлым мен қызым елге кеткісі келді. Көршімен көрші сияқты араласу мүмкін емес. Бірдеңе сұрасаң, неге ол зат сенде жоқ, сұрауға ұялмайсың ба деп өзіңді сөгіп тастайды.
Автобуста үлкенге орын беру деген мүлдем жоқ, автобус толған көздері алайып, шегіп алған, ауыздары былапыт жастар. Қазақстаным ай, неге келдім деп өкіне бастадым.
Үш жыл өткен соң қайта Қазақстанға кетуді жоспарладым. Үйді сатуға қойдым, қарызға белшесінен батып кеттім. Майда-шүйде сіз білмейтін қаншама айтылмаған әңгімем бар, айтсам түңіліп кетесіз.
Отбасымызбен қайта Алматыға көшіп келе жатып, шекарадан өткенде, жан-жағымдағы жаны жайсаң қазағымды көріп қуанғанымызды көрсеңіз ғой, ух деп еркін демалдым.
Ол жердің орыстары мен біздегі орыс ұлтының айырмашылығы жер мен көктей екен. Өзіңнің туған жеріңнің, халқыңның қадірін басқа елге барғанда түсінеді екенсің деп аяқтады әңгімесін.
Әрине, мен оларды жақтамаймын. Тек өз елінің қадірін түсінгісі келсе қазақша үйренсін. Сонша жыл Қазақстанда тұрып, тамағын ішіп қазақша білмеу деген енді миға кірмейді.
Сене беруге болмайды әрқайсысына. Бұл менің ойым енді.
Пысы: өз аузынан шыққан әңгіме, ешқандай қоспасы жоқ.
Жанна Есеналының парақшасынан.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.