Саяжайда есірткі өсіріп келген адам ұсталды

0
56

Өскеменде саяжайда есірткі өсіріп келген ер адам ұсталды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, 25 жастағы Өскемен тұрғыны «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында ұсталған.

«Ер адам өз үйінің саяжайында тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған арнайы шамдармен, желдеткіштермен және термометрлермен жабдықталған зертхана құрған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан қарасора бұтасын және өсімдік тектес заттарды тәркіледі. Тәркіленген қарасораның салмағы 600 грамнан, марихуананың салмағы 750 грамнан асады», — делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз өсіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото дереккөзден алынды.