Павлодарда жаппай төбелес болды
Павлодарда жаппай төбелес болды. Төбелес ұйымдастырған тұрғындардың кім екені анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Қамзин көшесінде болды. Төбелесті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Кейін видео Telegram-дағы каналдардың бірінде тарады.
«Тексеріс жүргізіліп жатыр. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Төбелесте кәмелетке толмағандар болмағаны анықталды», — деп хабарлады департамент.
Төбелеске барлығы онға жуық адам қатысқан, олардың жеке басы анықталды.
Фото интернеттен алынды.