Абай Бегейдің әйелі «менің қатысым жоқ» деп ақталып жатыр

0
267

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода Абай Бегейдің әйелі жұрт алдында барынша ақталуға тырысыпты деп жазады Democrat.kz.

Видеода әнші Абайдың әйелі Фариза: «Жұрт мені Сымбатты сыйдырмады, байға беріп жіберді деп жатыр. Бұл — неуместный әңгіме. Симби (Сымбат-ред.) — өзі ересек адам. Өз шешімін қабылдап, таңдауын жасап, ұзатылды. Мұстафа екеуі батасын алып тым жақсы студент болып, оқып жатыр»,- дейді Фариза.

Фаризаның бұл видеосына қатысты пікір жазушылардың басым бөлігі — «саған біреу бірдеңе деді ме, ұрының арты қуыс деген», «16 жасымызда бәріміз ғашық болдық. Анамыз тоқтатты. Значит сен Сымбатты өз қызыңдай көрмегенсің», «өгейдің аты өгей, өгейлігін жасайды деген сөз бар. ақталма, барлығы жаратушының қолында», «әрине қатысың бар. сенің тәрбиең. Оның несін айтасың, сенің көп қатысың бар», «әбден дінге кіргізіп, балаларды құртқансың», «балиғатқа толды деп 9 жасында бүркендіріп, 16 жасында ересек деп тану- сіздердің ұстанымдарыңыз болып тұр ғой» деген сыңайда ойларын ортаға салуда.

Видеоға қатысты осы және басқа да пікірлерді мына сілтемеге өтіп, оқи аласыздар.

Фото интернеттен алынды.