Президент Тоқаевтың артында 50-60 млн халқы тұрса, қазіргіден де батыл болар еді

0
1162

Биыл жазда АҚШ тың Қазақстандағы бұрыңғы елшісі Альберт Кролдың ақпарат құралдарына берген сұқбаты жарияланған болатын. Экс елші өз қызметіндегі қызықты естеліктерімен бөліскен екен.

Крол алдымен Өзбекстанда, сосын Қазақстанда елші болған адам.

«Жарықтық Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімов өте ішітар адам еді, Назарбаевты көре алмайтын» дейді.

(Оны өзіміз де білетін едік негізі)

» қазақтар көшпенді халық қой, оларда не бар дейсің, нағыз мәдениет бізде! » дейтін Кәрімов.

АҚШ басшылығы Кәрімовке Орта Азия билігін қолына алу туралы ұсыныс жасағанда, Кәрімов «Орта Азияның ондай басшысы бар емес пе еді» деп атақшыл — даңқшыл Назарбаевты меңзеп мырс етті» дейді.

«менің Өзбекстандағы өкілеттілігім аяқталып, Қазақстанға елші боп келмекші болдым, сол тұста Кәрімов «достым, мен саған айлакер, қу қазақтармен қалай сөйлесу керектігін үйретейін» деп біраз қалжыңдады дейді Крол.

Крол Қазақстанға елші боп келіп Қазақ пен Өзбек қоғамының арасындағы айырмашылықты тез аңдайды. «Екеуінің арасы жер мен көктей» дейді елші.

Екі ел авторитарлық қатаң режимде өмір сүрсе де қазақтар, өзбек қоғамына қарағанда анағұрлым өжет, қайсар халық боп шықты, Қазақстанда Назарбаевты сынау қауіпті болса да қазақтар оны қатты әрі жария түрде сынай беретін дейді.

Крол тағы Назарбаевтың ысырапшылдығын айтады, «ол өз қалтасымен мемлекеттің қалтасын бірдей көрген адам» дейді.

Назарбаевтың Кәрімовке қатысты көзқарасын да байқайды. Назарбаевтың Кәрімовты «шектеліп қалған бюрократ совок шенеунік» деп танып іштей менсінбейтінін айтады.

АҚШ президенті Трамптың Назарбаевпен жақсы болғандығын да айтады Крол.

Елші «Назарбаев расында белсенді, ашық басшы, халықаралық мәселелерде біраз белсенді, қарымды адам еді» дейді.

«Екеуімен жұмыс істеу біраз күрделі болды, екі шал интриган еді» дегені де бар елшінің.

Қысқасы, елші орада біраз өз естеліктерімен, мәліметтерімен бөліскен екен, оқып көріңіздер.

Мен жалпы Назарбаевтың да, Тоқаевтың сыртқы саясатта өз елінің мүддесі үшін, ешкіні тәте, текені көке деп біраз айлаға баратын әккі басшылар болғандығын мойындаймын және өз еліміздің мүддесі үшін ол жерде басшымыз кім және қандай болса да оны қолдаймын.

Өткенде Сәбит деген бір таяздау көршім артымнан жүгіріп келе жатыр.

«Олжеке, Тоқаев «Ресейді непобедимый» деп қуды ғой деп жымыңдайды.

«Көкем Сәбит дедім, Тоқаевтың артында 20 млн емес, 200 млн, жо жооқ, құрығанда 50 — 60 млн қазағының саны болса, экономикасы мығым болса, ол біраз еркін, батыл болар ма еді, тап қазір ол ананы алдап, мынаны сулап күн кешпесе болмайын деп тұр ғой.

Дүние қаққа бөлініп жатыр, іргеде соғыс, жағдай қиын дегендей.

Қытайды шақырып балаларға шейін қытайша сөйлетіп спектакль қойып Ши төрағаның көңілін аулағандай болды. Ол да өзінің бір айласы, оны да түсіндім. Кәрімов айтпақшы, біз қазақтар айлакер қу халықпыз ғой өзі..

АҚШ-қа да барып, Еуропамен де тамырласып өз бетінше тірлік істеп жүрген адам, қысқасы ол тек көзбен көріп ішіңмен түсінетін жұмыстар атқарып жатыр. Ондайды —» кемедегінің жаны бір» деп, қолдайтын жерінде тек қолдау керек.

Оны түсіну үшін көп ми керек жоқ Сәке» деген ем, Сәбит үндемей өз жөнімен кетті.

Менің жалпы Тоқаевтың дипломатиялық жұмысына, сыртқы саясатына көңілім толады.

Бәлкім Қазақ елінің жетінші президенті — Боқаевтың тұсында Қазақстан — әлеуетті, күшті, түу дегенде түкірігі түспейтін салмақты, өз аймағын бағындырған мықты мемлекет болар, бәрі мүмкін, бірақ қазір Тоқаевтың тұсында басшымыз Тоқаевтай болу керек.

Жалпы, мен осы фейсбукте байқаймын, біздің бір ағайындар, өз елінің мүддесін, өз елінің жағдайын украин блогерлерінің көзқарасымен айқындап, өз басшыларының қызметін украин қоғамының көзімен бағалайды екен.

Оларды мен «дурачок» деп білемін, Украина қайда, біз қайда.

Әр елдің өз жағдайы, географиясы, өз мүддесі болады, өзіне тән жолы, өз орыны, мұршасы — шамасы, ішкі ахуалы, мүмкіндігі болады дегендей.

Соны түсінбейтіндерді, соны айырмай украина деп көкезулене беретін адамдарды рас мен «дурачок» деп қабылдаймын.

Олжас ӘБІЛ, сарапшы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.