Байден қандай қате жасап, Трамп жеңіске жетті?

0
94

Сонымен… Трамптың жеңгені расталды. Өкінішке орай әрине. Енді не болады? Бұл әзірге жұмбақ, өйткені Трамп соғысты 24 сағатта аяқтаймын деді ғой.

Тіпті инаугурацияны да күтпеймін, сайланған күні ертесіне-ақ кірісем деді, яғни уақыт кетті)). Әзіл ғой әрине, осы жылы аяқтай алса да жаман болмас еді. Украинаның шартымен әрине. Егер Ресейдің шартымен болса, онда ол жаман.

Үстінен бірнеше іс қозғалған Трамп, егер Харрис сайланғанда анық түрмеге отыратын еді. Харис қанша дегенмен де прокурор ғой.

Енді осының бәрі өтірік, расымен де Трампты сайланып кетпеу үшін Байден командасы жорта қудалап жүргендей болып шығып тұр. Ал шындық олай емес екенін білеміз ғой. Екі рет импичмент жарияланғанда Сенат бекітпей тастады.

Қалай болғанда да тасбақа шөбі бар екен, енді өтірік қудаландым, ойнас жасағаным да өтірік, бұлар жала жауып жүр деп аузына келгенін оттай беруіне болады.

Ешкім сенбесе де жеңген адам әрқашан да дұрыс айтқан болып есептеледі. Заманбек өзін-өзі үш рет атып, артынан басынан өзін атты дегенге де сенген болдық қой, бұл да сол сияқты нәрсе.

Қателік қай жерден кетті, неге Байден командасы жеңілді? Бұған украин сарапшылары мынадай болжам айтады — бірінші қателігі Байден командасы санкциялар мен Украинаға әскери көмек РФ-ны титықтатады, сөйтіп РФ-ны келіссөзге еріксіз көндіреміз деп ойлапты.

2022 жыл және 2023 жылдың жартысы осылай өте шыққан, бірақ Батыстың ойлағаны болмады. Путин уақытты созып, Байденнің кетуін, Трамптың қайта сайлануын күтті.

Ол үшін Ресейдің экономикалық, әскери, дипломатиялық құлдырауының құны 5 тиын екендігі белгілі болды. Тіпті барлық адамы қырылып қалса да оған бәрібір екен, мұны басқа тәрбие көрген Батыс адамдары түсінбеді, Байден уақыт біз жақта, РФ АҚШ-ты күте алмайды деп жауап беріп отырды.

Байденнің екінші қателігі — олай болғанда Байден командасы екінші рет сайлануына өте сенімді болуға тиіс еді. Егер сенімді болмаса Украина жеңуі үшін оған барынша көмектесуі керек еді. 2023 жылдың келесі жартысында 6 ай бойы АҚШ Конгрессі Украинаға көмекті кідіртті. Әрине, Трамптың арқасында.

Оның үстіне Путиннің Украинада тактикалық ядролық қару қолданамын деген сөзіне сеніп қалды, осыған да алаңдап Украинаға жеткілікті көмек көрсете алмады. Ал 2024 жылы сайлауға дайындалу керек болды да АҚШ мүлдем үнсіз қалды.

Үшінші д/ж соғыс басталады деген Трамптың сөзінен сескеніп, мүлдем соғыс тақырыбын айтпауға тырысты. Нәтижесінде бәрін заңға сәйкес жасаймын деген Байден командасы жеңіліп қалды да, популистік ұранды оңды-солды таратқан Трамп командасы жеңіп кетті.

Ойлап қарап отырсақ бұл болжам әбден логикаға келеді, себебі барлық оқиға көз алдымызда өтті. Жарайды, осымен Украина тақырыбын жапқаным дұрыс болар.

Біздің сөзіміздің салмағы кетті, бәрі бәлду-бәлду бәрі өтірік дегенге келеді, ендеше босқа арамтер болып не қажеті бар? Харристің жеңетініне соншама үміт артып едім, болмады.

Ең өкініштісі — осындағы кейбіреулердің істің байыбына бармай сары уайымға салынып, қара аспанды төндіріп, әбден нервіге тигені еді, амал қанша, солардың көшесінде бүгін мереке. Бірақ бұл да уақытша, әрі кеткенде 4 жыл.

Қуаныш ЕДІЛХАН, сарапшы.

Facebook  жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.