Әйелдердің 99 пайызын жәннатта хор қыздары сабап, дал-дұлын шығара ма?

0
1186

Діннің абыройын айрандай төккен, небір білгіш, о дүниеге барып-келгендей көпіріп, сөйлейтіндерді тыңдаудың өзі — «ләззат береді» ғой деп жазады Democrat.kz.

Қалай ләззат алмайсың, мынадай дүниелерді тыңдап отырып? Мұндайды күнде тыңдасаңыз, бір күні діннен қалай безіп кеткеніңізді де білмей қаласыз.

Ал содан кейін әлеуметтік желідегі дүмшелер сізді «тәңірит», «тәңкош» деп қарғысын жаудырады. Төмендегі видеодағы мүслім әйел не дейді? Тыңдап көріңізші.

«Егер әйел жәннатқа түсетін болса, хор қыздары оны марапатпен күтіп алады. «Сен біздің күйеуімізге ана дүниеде қызмет еттің, жәннатта біз саған қызмет етеміз. Сен біздің ханшайымсың» дейді. Біз күйеуімізге осы дүниеде зарар беріп жатқанда хор қыздары: «ей, уақытша әйелі! Ол-біздің күйеуіміз! Ол бізге келеді» дейді. Сондықтан осы өмірде қызғанып жүрген еркектеріңіз — сіздікі емес. Оның жәннатта 70 әйелі бар» — дейді келіншек.

Не сөз енді мынау? Осыған сенетін адам бар ма? Егер осындайға сенетін адам бар болса, онда ол адамның миы туралы ойлаудың өзі қорқынышты ғой, солай ма?

Қойныңызда жатқан күйеуіңіз сіздікі емес екен. Оның о дүниеде 70 әйелі күтіп жүр екен. Ау, олай болса, құдіреті мықты, мейірімі шексіз аллаңыз әйелді не мақсатпен жаратты?

Мынау әйелдің сөзі рас болса, өлген әйелдің 99 пайызы хор қызынан таяқ жеп, шашы жұлынып, дал-дұлы шығарып, сабайтын сияқты ғой?!

Қысқасы, сүмеңдеп, 4 әйел алуды ғана ойлайтын, бұттан басқаны ойламайтын, бар отбасын асырауға шамасы келмей, өзі жұмыссыз тентіреп, пәтер жағалап, кешкі асқа макарон жеп, бала-шағасына ең болмаса, алма, банан әпере алмайтын бұл дүниедегі ез еркекке «еркек болып, отбасыңды асырауды білмейсің» деп, дауыс көтерген әйел о дүниеде жазасын алады.

Ақыры әйелді жәннатына кіргізбейді екен, кіргізсе де, хор қыздары әлгіндей нәрсе айтады екен. Бұ дүниеде де, о дүниеде де әйелді қорлап, құнын көк тиын етуден басқаны білмейтін жаратушының мінезі Қазақстанның бір облысының жігіттерінің мінезіне қатты ұқсай ма, қалай өзі?

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@kairat.mebel.kz

♬ оригинальный звук — Қайрат ⚛