Экс-имам әйелін тозақпен қорқытып, есінен адастырып тастаған

0
147

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында бұрынғы имам, қазіргі теолог әйеліне зорлық-зомбылық көрсетіп, туыстарымен араластырмай қойған. Бұл туралы ақпаратты әйелдің сіңлісі әлеуметтік желіде таратқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Instagram-дағы abdulla_kz_kz парақшасында жазғандай, сіңлісінің айтуынша, жездесі әпкесіне бірыңғай жындар мен тозақ туралы әңгіме айтып, оны адам танымастай өзгертіп тастаған.

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған келіншек ауырып қалған. Ал күйеуі медициналық қызметке жүгінбей, дін жолымен емдемекші болып, жағдайын одан ары нашарлатқан.

“Сап-сау әпкемді жездем ұрып, жынды етіп қойды. Әпкемнің түк жазығы жоқ еді. Өте жуас болатын. Тіпті, дінді жақсы ұстанады. Бөтен ер адамдармен сөйлеспейтін. Жолдасы мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге тыйым салған. Туыстары бар чаттан шығарып жіберген. Әпкем еріне бағынған инабатты келіншек болды. Ал соңында өзі далада қалды”, — дейді сіңлісі.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.