«Жарапазан айту — дінде жоқ» дейді танымал этнограф
Халыққа танымал, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын жетік білетін, елге сыйлы апамыз Зейнеп Ахметова «жарапазан — қазақтың салтында болған» дейді.
«Жарапазан — дінде жоқ. Бірақ бұл біздің дәстүрімізде бар. Дінмен ұштасып кеткен. Жарапазан айту — қазақтың өзінің әдемі салты.
Жарапазанның негізгі тақырыбы — адамдарды ізгілікке, игілік жасауға баулиды. Әдетте жарапазанды жігіттерге бала-шаға ілесіп жүріп, топтасып айтады.
Мұнан бөлек, 2-3 адам болып, шебер ұйқаспен жаратушыға құлшылық етудің, жаратылыс заңдарын, имандылықты, адамгершілікті әдемілеп айтып, жырдың дәрежесіне көтерген.
Сондықтан біздің қазақтың ауыз әдебиетінде «Жарапазан жыры» деген арнайы бөлім бар», — дейді Зейнеп апа.
Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.