«Ешкімді атып тастаған жоқпын»,-дейді Мақпал Жүнісова

0
1026

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде тарап, елдің қызу талқысын тудырған видеосына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі аталмыш бейнежазба үшін халықтың қаһарына ұшырағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова белгілі тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұқбатында жанайқайын жеткізіп, өзіне жағымсыз пікірлер жаудырған оқырмандарына жауап берді.

«Кешірім сұрайтындай мен ешкімнің басын жарған жоқпын, ешкімді атып тастаған жоқпын. Халық өзі ушықтырып алып кетті. Бұл жағдай маған ауыр тиген жоқ. Себебі мен мұндайға үйренгенмін. Сол жағдайдан кейін де талай жерге барып, ән айтып келдік. Халық бір ауыз сөз айтқан жоқ. Құшақтап, сүйіп құрмет көрсетті. Шынайы өмірдегі халық пен желідегі халық мүлдем басқа екен. Анда-санда дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек. Әбден тойлап, ауызына келгенін айтты. Мені жақсылап тұрып жамандады. Ешкімнің ауызына қақпақ болмайсың ғой. Сол видеоны жастанып жатыңдар. Мүмкін сол кезде бақытты болатын шығарсыңдар», — деді әнші.

Фото интернеттен алынды.