Хиджаб дауы — енді Астанада жалғасты

0
39

Астанада кәмелетке толмаған оқушы қыздың әкесі мектепте орамал тағуға тыйым салуды негізсіз деп санап, сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың мәліметінше, арызданушы өз шағымында бұл тыйым баланың құқығын шектейді деп көрсеткен.

“Кәмелетке толмаған қыздың әкесі «мектеп формасын киген кезде діни сипаттағы киім мен нышандарды киюге жол берілмейді» деп көзделген қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасын заңсыз деп танып, сотқа жүгінді. Талап қоюшы «шаш пен мойынды жабатын бас орамалын» діни сипаттағы киім деп санамайды”, – делінген хабарламада.

Десе де сот «Білім туралы» заң мен мектеп жарғысында мектеп формасы барлық оқушыларға бірдей, діни және өзге де ерекшелік белгілерінсіз болуы керек деп белгіленгенін атап өтті. Осылайша, сот арызданушының шағымын қанағаттандырмады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.