Таңғы намазда білегіне сүре мен пайғамбардың аты ғайыптан жазылған

0
121

Әлеуметтік желідегі парақшасында теріскейлік Әсем Тасболатова өзінің тылсым жағдайды бастан кешіргенін баяндады деп жазады Democrat.kz.

«Биылғы қаңтар айында таңғы намазымды оқып отырғанымда білегіме «Нун» сүресі мен соңғы пайғамбар Мұхаммед с.ғ.с аты жазылғанын байқадым» деген Әсем басынан өткен бұл тылсым жағдай туралы көрерменмен бөлісті.

Көрермен оның бұл видеосына қатысты аузын ашып, көзін жұмып таңғалысуда. Енді бірілері «мұндай ғажайыпты жұртқа айтпау керек» десе, бірі «қиялдан туған дүние ғой» десуде.

Фото видеодан скринделіп алынды.