Танымал жазушы 86 жасында өзіне қол салды

0
1562

Махаббат романдарын жазып, әлемге танылған тайвандық жазушы Цюн Яо өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап. 

86 жастағы әйелдің денесі Нью-Тайбэй қаласындағы өз үйінен табылған. Төтенше жағдайлар қызметі оның суицид жасағанын хабарлады.

Цюн Яо 18 жасынан бастап жазумен шұғылданып, 60 романды жарыққа шығарған. Оның туындыларының желісімен ондаған жылдар бойы танымал болған фильмдер мен сериалдар түсірілген. Ол 1938 жылы Қытайдың Сычуан ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Чен че.

Сәрсенбі күні жазушы өзінің Facebook парақшасында «Қош болыңдар, сүйіктілерім. Бұл өмірде сендерді кездестіріп, таныс болғаным үшін бақыттымын» деген пост жариялаған.

Оның «Менің сұлу ханшайымым» атты телевизиялық драмасы Қытайдағы ең танымал драмалық шоу болып саналады.

Фото интернеттен алынды.