Аутизмнің көбеюіне перзентхана протоколы себеп пе?

0
2992

Тағы да аутизм жөнінде. Соңғы он бес жылда елімізде аутизмге шалдыққандар саны жиырма есеге артқан екен. Осы дерттің диагнозын қоятын маман да тапшы. Бұл ауру неден пайда болатынына ғылым да бас қатыруда.

Жақында Талдықорғанда өткен Бейсен Құранбекті еске алу турнирінде бір аға жақындады. «Оңғар балам сенімен бір әңгімем бар еді» дегесін жұрттан оңашалана бердік.

«Өткендегі аутизм жайлы постыңды оқыдым. Өзімнің немерем де осы диагнозбен ауырады. Бұл аурудың көбейіп кеткен себебі біздің перзентханаларда деп ойлаймын. Себебі, біз қазір әйелді босандыру протоколын өзгертіп жібердік. Бұрынғыдай әйелдің астынан су кеткенде босандырмайтын болдық. Суын ағызып жіберіп күтіп отыратын болдық. Бала тұншығып, қысылып әрең шығады. Бұл өз кезегінде баланың дамуына әсерін тигізеді. Міне, мәселенің түп себебі осы деп ойлаймын» деді бейтаныс аға. Бұрын дәрігер болған сияқты.

Кім әйел босандырып көрген. Мамандар не дейді? Мүмкін шынымен босандыру протоколы қате шығар? Әйтпесе, соңғы жылдары аутизмге шалдығушылар тым көбейіп кетті.

Оңғар ҚАБДЕН, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.