Ресей өз жерінде қазақ мектептерін ашуға құлшынып отыр ма?

0
359

Таяуда Ресей президенті В.Путин Қазақстанның үш облысында орыс мектептерін ашу туралы ұсыныс айтқан болатын. Ол мектептер Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында ашылуы мүмкін деп жоспарланып отыр деп жазады Democrat.kz.

Қазақстанда қазірдің өзінде бұл тақырып қызу талқыға түсіп, халықтың тарапынан үлкен наразылық тудырып жатқаны мәлім. Десек те, халықтың наразылығына қарамастан, алдағы уақытта орыс мектептерін қазағы қалың үш облыста біздің билік ашып жатса, таңғалудың керегі болмас.

Дәл осы ұсыныстың екінші жағын Путин өз сөзін Ресейде де қазақ мектептерін ашумен жалғаған-ды.

Ресейдің Томбы, Астрахан, Орынбор қалаларында ашылады деп жоспарланған. Әйтсе де, ресейлік басылымдарға шыққан ақпараттардан байқағанымыз, «сұраныс жоқ» деген жауаппен Ресей тарапы қазақ мектептерін ашуға ниетті емесін байқауға болады.

Мәселен ресейлік Подъем басылымының хабарлауынша Орынбор, Томбы білім басқармалары «сұраныс болса…» деген жауапты алға тартып, қазақ мектептерін ашуға аса ниетті емесін байқатқан.

«Әзірге ешқандай сұраныс болмады. Егер болып жатса…» деген осындай жауапты біздің шенеуніктердің ешбірі айта алмағаны өкінішті.

Есесіне Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев орыс мектептерін қазағы қалың үш облыста ашу мәселесінің жақын арада өз шешімін табатынын жеткізген еді.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.