Сымбат Бегейдің абысыны өкіріп жылағанын айтты

0
605

Абай Бегейдің 16 жасында тұрмыс құрған қызы Сымбаттың абысыны өкіріп жылағанын айтты деп жазады Democrat.kz.

Сымбат үйлеріне келін болып түспей тұрып, абысыны Таня өзінің жаман күйге түскенін айтып: «Келін келерден бір күн бұрын өкіріп тұрып жыладым. Басында келінді боламыз деп қуанып жүрдік.

Алайда мен шын қуана алмай жүрдім. Мамам «қуанып, күшті болып жүрші» десе де, еш қуана алмадым. Мама Сымбаттың орамалын дайындап жатып: «Балапан, сен көңіл күйіңді түсірме. Екеуіңе мен бірдей қараймын.

Өзіңді төмен түсірме, жоғары да шығарма. Сен тек ір өзің болып жүре алмайсың. Қайның үйленіп, абысының болуы керек» деп мені құшақтап сүйді. Сол жерде мен өкіріп жыладым. Іштей енемді қимай жүрген екенмін», — деп сырымен бөлісті.

Фото интернеттен алынды.